«МӨЭК» АҚ: Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы үшін тұрғындарға сапалы қызмет көрсету басты назарда
«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы - электр энергиясымен қамтамасыз ету қызметтеріне қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын. Орталықта әрбір тұтынушыға қажетті кеңестер мен көмек көрсетуге баса назар аударылады. Орталық мамандары тұрғындар мен заңды тұлғаларға да ыңғайлылықты қамтамасыз ете отырып, электрмен жабдықтау, есептеу, төлем жасау және басқа да қызметтерге қатысты кеңес беруге әрқашан дайын.
-Біздің жұмыс уақытымыз таңертеңгі 8:30-дан басталады. Тұрғындар электр энергиясына қатысты сұрақтармен келеді. Мәселен кейбірі электр энергиясы бойынша қарыз туралы сұраса, кейбірі үй сатып алып келісім-шартқа отыру үшін келеді. Біз қолымыздан келгенше тұтынушыларға көмек көрсетуге дайынбыз, - деді «МӨЭК» АҚ Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының инженері Айсұлу Қуанышбекова.
«Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы» бір айда орта есеппен 500-ден аса тұрғынға қызмет көрсетеді.
Тұрғындар есептеу бойынша түсіндіру жұмыстары, ағымдағы есептік кезеңнің белгілі бір күніне түпкілікті есеп айырысу үшін келеді. Ал заңды тұлғалар көбіне тұтынылған электр энергиясының көлемі үшін берешектің жоқтығын растау туралы анықтама алуға, электрмен жабдықтау объектісінің меншік иелеріне/сенімді тұлғаларға, орындалған жұмыстар актілерін(АВР) алуға келеді, - деді «МӨЭК» АҚ Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының инженері Ақерке Темірбаева.
Электр энергиясын тұтынушылар сұрақтар бойынша мына колл-орталықтарға хабарласа алады: 8 (7292) 32-00-00, 32-02-30, 32-02-35, 32-02-16.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығында халыққа ыңғайлы болу үшін тұтынылған электр энергиясын төлеуге болатын екі арнайы касса жұмыс істейді. Сонымен қатар, төлемді Kaspi.kz және Halyk (Homebank) мобильді қосымшалары арқылы жасауға болады.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы мына мекен-жайда - Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 84 үй, «President» тұрғын үй кешенінде(кіреберіс 9 ш.а. жағынан) орналасқан.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясымен қамтамасыз ету қызметтері «Маңғыстау Жарық» ЖШС компаниясынан «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» Акционерлік Қоғамына(МӨЭК) берілді. Осы уақытқа дейін «Маңғыстау Жарық» ЖШС қызмет көрсеткен барлық кеңселер мен учаскелер бұрынғы мекен-жайлары бойынша жұмысын жалғастыруда және байланыс телефондары өзгеріссіз қалды.