Ақтауда электр энергиясы тарифінің жаңа жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Қоғамдық тыңдауда «Маңғыстау жарық» ЖШС өкілдері тұрғындарға 2020 жылдан бастап Маңғыстау облысының аудандары мен қалалары бөлінісінде облыс бойынша халық үшін тарифтер жобасымен, тарифтердің көтерілу себептерімен және тарифтердің өзгеру хронологиясымен таныстырды.
Тұтынушылар тарапынан келіп түскен пікірлер мен ұсыныстарын ескере отырып, Мұнайлы ауданы мен Ақтау қаласында қоғамдық тыңдауды қосымша тағы да өткізу туралы шешім қабылданды. Мұнайлы ауданында қоғамдық тыңдау 11 қазан күні сағат 16.00-де Маңғыстау ауылы, 24 квартал, 10/5 ғимарат, Ф. Оңғарсынова атындағы мәдениет үйінде өтті.
-Қоғамдық тыңдауларды өткізудің басты мақсаты нарықтағы тауардың баға қалыптастыру жариялылығын қамтамасыз ету және ұсынылған жаңа тариф жобасы бойынша тұрғындармен ақылдасу, ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады. 2021 және 2022 жылдары халық үшін тарифтер шамалы көтерілді тіпті мүлдем көтерілмеді деп те айтуға болады. Қазіргі уақытта біз тарифтерді объективті себептермен өзгерту мәселесін көтеруге мәжбүрміз. Электр энергиясын беру мен ұлттық компаниялардың (операторлардың) қызметтерінің бағасы өсті. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда бүкіл мемлекет деңгейінде инфляциялық процестер жүріп жатыр. Мысалы, саладағы жалақының орташа деңгейі өзгерді. Біз мұның бәрін ескеруге мәжбүрміз, сондықтан шығынмен жұмыс істей алмаймыз, - деді компания өкілдері.
Компания өз жобасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында халық(жеке тұлғалар) үшін тарифтер орташа сомадан төмен белгіленеді. Тарифтердің өсуі бойынша негізгі жүктеме заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарға түседі.
Сондықтан, қосымша құн салығы есебімен 1 кВтсағ үшін жалпы орташа құны 27,15 теңге болған кезде Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданындағы тұтынушылар санаты бойынша күтілетін тариф келесідей:
- халық үшін-21,44 тг/кВтсағ (ҚҚС-мен),
- заңды тұлғалар үшін-28,49 тг/кВтсағ (ҚҚС-мен),
- бюджеттік ұйымдар үшін-35,46 тг/кВтсағ (ҚҚС-мен).
ЭЖҰ(ЭСО) электр энергиясына тарифтер мынадай шығындардан құралады:
- энергия өндіруші ұйымдардың сату бағасынан,
- электр энергиясын беру(жеткізу) тарифтері,
- ұлттық операторлардың қызметтері: электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету, теңгерімдеу, ұлттық желілерді пайдалану және т. б.
- меншікті шығындар.
Жалпы жобаланған орташа тариф 27,15 тг / кВтсағ құрайды. Оның ішінде меншікті салмағы бойынша 94,5% өзіндік құнын (сатып алынған эл/энергия және оны тасымалдау) құрайды. Меншікті шығындар ДКРЕМ түзетумен бірге - 5,5% құрайды.
Қоғамдық тыңдау барысында Ақтау қаласының тұрғындары белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға мамандар жауап берді. Компания өкілдері тұрғындарға жаңа тарифтерді бекіту бойынша түпкілікті шешімді ұсынылған тарифтік сметаға сараптама жүргізілгеннен кейін құзыретті орган – Маңғыстау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті(ДКРЕМ) қабылдайтынын айтты.