«Маңғыстау Жарық» ЖШС электр желілеріне қосуға жауапты емес
2023 жылдың 30 наурызы күні «Tumba.kz» сайты өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасай отырып ««Маңғыстау Жарық» мекемесі дүкенді электр энергиясына қосу шартын қайта ресімдеуден негізсіз бас тартты» тақырыбында мақала жариялады.
«Маңғыстау Жарық» ЖШС аталған тұтынушы компанияға ресми тәртіпте бірде-бір рет жүгінбегенін хабарлайды. Сондай-ақ, бұл мақалада көптеген сәйкессіздіктер мен қателіктер бар екенін атап өткіміз келеді.
«Маңғыстау Жарық» ЖШС өз қызметін ҚР заңнамасына сәйкес қатаң жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларының 4-тармағына сәйкес:
Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиум құрамында емес тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) тұтынушының электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі;
2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
3) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі, жеке кәсіпкерлер үшін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен анықтама көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға ұйымның бірінші басшысын қоспағанда құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, адамның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі;
6) техникалық шарттардың көшірмесі;
7) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың№) – тек заңды тұлғалар ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергия беруші(энергия өндіруші) ұйым ұсынады.
Сол ережелердің 9 тармағында былай делінген:
Объектінің иесі ауысқан кезде жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10(он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес немесе тармақшаларда 1), 3), 4), 5) және 6) осы Қағидалардың 4-1-тармақтары нысан бойынша электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтінішті энергия беруші ұйымға жібереді.
Энергия беруші ұйым 2(екі) жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін береді және электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға жібереді.
Бұрынғы меншік иесі электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күнге есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін түпкілікті есеп жүргізеді.
Меншік иесі өзгерген кезде берілген техникалық шарттарды ертерек қайта ресімдеу жүргізілмейді.
«Маңғыстау Жарық» ЖШС энергиямен жабдықтаушы ұйым болып табылады. Ал Мұнайлы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны яғни, «Маңғыстауэнерго» МКК энергия беруші ұйым болып табылады.
Электр желілеріне қосылу, сондай-ақ құжаттарды беру және оларды энергиямен жабдықтаушы «Маңғыстау Жарық» ЖШС беру үшін «Маңғыстауэнерго» МКК жауапты болады. Тиісінше, тұтынушы алдында «Маңғыстау Жарық» ЖШС кінәсі жоқ.
Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тарататын ақпараты шындыққа жанаспайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғарыда аталған бапта баяндалған ақпаратты сәйкестендіруі қажет деп есептейміз.