Ақтау және Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының тұтынушылары үшін электр энергиясының құны өзгеріссіз қалды
26.05.2022 жылғы №02-12-425 Маңғыстау облысының Табиғи монополияларды реттеу комитеті Департаментінің дәлелді қорытындысы негізінде 2022 жылы 01 маусымнан бастап «Маңғыстау Жарық» ЖШС-нің Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы тұтынушылары үшін 1 кВт*сағ ҚҚС есепке алмағанда электр энергиясының құнын бекіту туралы келесідей шешім қабылданды.
– тұрмыстық тұтынушылар (халық) үшін 15,96 теңге;
– заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 17,82 теңге;
– мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін 19,75 теңге.
және,
26.05.2022 жылғы №02-12-409 Маңғыстау облысының Табиғи монополияларды реттеу комитеті Департаментінің дәлелді қорытындысы негізінде 2022 жылы 01 маусымнан бастап «Маңғыстау Жарық» ЖШС-нің Жаңаөзен қаласы (Теңге ауылы мен Қызылсай ауылын қоса алғанда) тұтынушылары үшін 1 кВт*сағ ҚҚС есепке алмағанда электр энергиясының құнын бекіту туралы келесідей шешім қабылданды.
– тұрмыстық тұтынушылар (халық) үшін 18,78 теңге;
– мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға, заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге «МӨЭК» АҚ желілері арқылы 22,25 теңге;
– мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға, заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге «Өзенэнергосервис» МКК желілері арқылы 25,51 теңге.