«Маңғыстау Жарық» ЖШС директоры ауысты
«Маңғыстау Жарық» ЖШС бас директоры болып Ахмадин Дархан Айдарұлы тағайындалды.
Дархан Айдарұлы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану және экономика мамандықтары бойынша бітірген. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Еңбек жолында электр энергетикасы секторындағы компанияларда, атап айтқанда «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ (АО «МРЭК») бірқатар басшылық лауазымдарды атқарды.