«Маңғыстау Жарық» ЖШС хабарлайды
23.08.2022 жылғы №02-18-367 «Маңғыстау облысының Табиғи монополияларды реттеу
комитеті Департаментінің» дәлелді қорытындысы негізінде 2022 жылы 01 қыркүйектен бастап
«Маңғыстау Жарық» ЖШС-нің тұтынушылары үшін электр энергиясының құны бекітілді.
Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 1 кВт*сағ үшін ҚҚС
есепке алмағанда:
– тұрмыстық тұтынушылар (халық) үшін 17,40 теңге;
– заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 21,38 теңге;
– мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін 68,68 теңге;
және, Түпқараған, Қарақия, Бейнеу және Маңғыстау аудандарының
тұтынушылары үшін 1 кВт*сағ ҚҚС есепке алмағанда:
– тұрмыстық тұтынушылар (халық) үшін 17,40 теңге;
– заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 25,77 теңге;
– мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін 41,60 теңге.
және, Жаңаөзен қаласы (Теңге, Қызылсай, Рахат ауылын қоса алғанда)
тұтынушылары үшін 1 кВт*сағ ҚҚС есепке алмағанда:
– тұрмыстық тұтынушылар (халық) үшін 19,72 теңге;
– заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 25,77 теңге;
– мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін 30,30 теңге.
Қосымша ақпаратты 202-262, 202-255 телефондары бойынша, info@mzharyk.kz
электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ «Маңғыстау Жарық» ЖШС-нің www.mzharyk.kz
ресми сайтынан алуға болады.