ТҰТЫНЫЛҒАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ!
Құрметті Маңғыстау облысының электр энергиясын тұтынушылар!
Сізге ыңғайлы болу үшін Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлем өзгертілмейді. Барлығы мүмкіндігінше қарапайым және бұрынғы қалпындп қалады.
Осы айда Сіз электр энергиясына ақы төлеу туралы хабарламаны әдеттегідей
«Маңғыстау жарықтан» аласыз. Хабарламаны ашқан кезде «МӨЭК» ұйымы автоматты түрде көрсетіледі.
Сізге тек электр есептегішінің ағымдағы көрсеткішін енгізіп, төлем жасауыңыз керек. Келесі айдан бастап, Push-хабарламалар тікелей МӨЭК-нан келетін болады.
Қосымшаға кіріп, электр есептегішінің ағымдағы көрсеткішін енгізіп, төлем жасаңыз.
Біз төлем процесін сізге ыңғайлы етуге тырысамыз!
Тұтынылған электр энергиясы үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлем жасау үшін келесі нұсқаулықты орындау қажет:
1.Мобильді қосымшадан «ТӨЛЕМДЕР» мәзіріне өтесіз
2.«БАРЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР» басасыз
3.«КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ» және ТЕЛЕФОН» таңдайсыз
4.ЭЛЕКТР ҚУАТЫ бөлімін тауып, «МӨЭК» таңдаңыз.
-Егер Ақтау қаласында тұрсаңыз онда «МӨЭК» Ақтау қаласы» дегенді таңдайсыз
-Егер Сіз аудан тұрғыны болсаңыз онда «МӨЭК» жеке тұлға немесе облыс» дегенді басасыз
-Содан соң, деректерді нақтылау үшін «ТЕКСЕРУ» түймесін басыңыз
-Осыдан кейін Сіз тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеп және электр есептегішінің ағымдағы көрсеткішін енгізе аласыз.