«Kaspi.kz» қосымшасында электр энергиясы үшін ағымдағы көрсеткіштерді енгізу бағаны қалпына келтірілді
«Kaspi.kz» қосымшасында электр энергиясы үшін ағымдағы көрсеткіштерді енгізу бағаны қайтадан қалпына келтірілді.
-Облыс тұрғындары банк қосымшасында бұрынғыдай электр энергиясы үшін ағымдағы көрсеткіштерді енгізу бағанын қайтадан қалпына келтіруді сұраған болатын. Тұрғындардың өтініші орындалды. «Маңғыстау жарық» ЖШС мен «Kaspi.kz» мамандары бірлесіп техникалық ақауды реттеді. Енді маңғыстаулықтар электр есептегіштердің көрсеткішін өздері алып, электр энергиясы үшін төлем сомасын есептей алады, - дейді «Kaspi.kz» баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қазан күні Ақтау қаласының тұрғындары әлеуметтік желілер мен Маңғыстау облысы әкімдігінің telegram чатында «HalykBank» және «Kaspi.kz» қосымшаларында электр энергиясы үшін ағымдағы көрсеткіштерді енгізу бағанының жоқ болып кеткендігін айтып, наразылықтарын білдірген болатын. Аталған мәселені шешу мақсатында «Маңғыстау жарық» ЖШС банкпен бірлесіп көрсеткіштер бағанын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.