«Маңғыстау Жарық» ЖШС: берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміне жүгінуге мәжбүрміз
Маңғыстау облысы тұрғындарының электр энергиясы бойынша жалпы берешегі 1.01.2023 жылғы жағдай бойынша 552 885 027 теңгені құрайды. Бұл туралы «Маңғыстау Жарық» ЖШС компаниясының директоры Ермек Давлетпаков мәлімдеді.
Компания директорының айтуынша, соңғы уақытта электр энергиясын тұтынушылар төлемді уақытылы төлемейді екен.
-Ең бірінші қойылған шоттар бойынша уақытында және шыққан соманы толық төлейтін тұтынушыларға алғыс айтқым келеді. Өкінішке орай, кейбір тұтынушылар төлемді уақытында төлемейді. Сондықтан уақытылы төлем жасамайтын тұтынушыларға «Маңғыстау Жарық» ЖШС Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында жазылған берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміне жүгінуге мәжбүр, - деді Ермек Давлетпаков.
Компаниядағылар мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміне мемлекеттік және жеке нотариустар мен сот орындаушылары тартылатынын, тиісінше борышкер-тұтынушыдан төленетін сома борышты өндіріп алу жөніндегі қызметтердің құнына ұлғаятынын атап өтті.
Негізгі қарыз сомасынан асатын артық төлем сомасын есептеу туралы мысал
Негізгі қарыз сомасы (теңге)
|
Нотариустың қызметтері(теңге)
|
Пошта қызметтері (теңге)
|
Сот орындаушысының қызметтері(қарыз сомасының 10% дейін)
|
Барлығы (теңге)
|
Артық төлем сомасы (теңге)
|
10 000
|
4 595
|
1 615
|
1 000
|
17 210
|
7 210
|
*Берешекті өндіріп алу бойынша қосымша шаралар: банктік шоттарға тыйым салу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды шектеу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бұғаттау.
Аталған кесте қарыз сомасы 10 000 теңге болған жағдайда борышкер қосымша 7 210 теңге жұмсауға мәжбүр болатынын көрсетеді. Бұл негізгі борыш сомасының шамамен 72%-ын құрайды. Егер тұтынылған электр энергиясын уақытылы төлеп отырса, онда тұрғындар артық төлем сомасын (7 210 теңге) отбасы мен үйлеріне қажетті және пайдалы нәрсе сатып алу үшін жұмсай алар еді.
-Елдегі экономикалық жағдайды, әрі коммуналдық қызметтерге бағалар мен тарифтердің тұрақты өсуін ескере отырып, барлық тұтынушыларымызды тұтынған электр энергиясына уақытылы төлем жасауға және қажетсіз шығындардан(артық төлемдерден) аулақ болуға шақырамыз. Егер қандай да бір қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда, бүкіл облыс бойынша біздің кеңсе-учаскелерге хабарласыңыздар. Бізге хабарласқан кез-келген тұрғынның барлық өтініштері қаралады және назардан тыс қалмайды. Өзара ақылдасып төлемге қатысты мәселенің шешімін табамыз. Біз әрбір тұтынушымыздың өтінішін назардан тыс қалдырмаймыз, - деді Ермек Давлетпаков.
Анықтама үшін: «Маңғыстау Жарық» ЖШС Маңғыстау облысының барлық тұтынушыларын, оның ішінде тұрғындар мен заңды тұлғаларды және бюджеттік ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтаумен айналысады. Бүгінгі таңда «Маңғыстау Жарық» ЖШС қызметін облыс бойынша 200 мыңға жуық тұтынушы тұтынады. «Маңғыстау Жарық» ЖШС барлық облыс аумағын электр энергиясымен сенімді жабдықтаушы ұйым. «Маңғыстау Жарық» ЖШС-нің негізгі міндеті тұтынылған электр энергиясы үшін төлемдерді уақытылы жинау болып табылады. Содан соң, арықарай электр энергиясын өндіргені үшін есептесу мақсатында және электр энергиясын әртүрлі ұйымдардың желілері арқылы бергені үшін мына компанияларға «МАЭК» ЖШС («Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ, «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК, «МаңғыстауЭнерго» МКК, «Өзенэнергосервис» МКК және т.б.) төлем жібереді.