«Маңғыстау Жарық» ЖШС өз қызметін тоқтатпайды және Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді
Компания директоры Ермек Давлетпаков соңғы уақытта тұтынушылардан «Маңғыстау Жарық» ЖШС өз қызметін тоқтатады және қала тұрғындарына басқа энергиямен жабдықтаушы мекеме қызмет көрсетеді деген хабарламалар жиі келіп түсетінін айтты. «Маңғыстау Жарық» ЖШС тұтынушыларға мұндай қауесетке сенбеуді сұрайды.
-Сақ болыңыздар! Маңғыстауда тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтау бойынша(энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдармен) өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті шарттарсыз өңірдің тұтынушыларына қызметтерін ұсынатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар(ЭЖҰ) пайда болды. Олар өңір тұрғындары арасында жалған ақпарат таратып, тұрғындар мен кәсіпкерлерді жаңылыстыруда. Тіпті «Маңғыстау Жарық» ЖШС өз атауын өзгертті немесе өз қызметін тоқтатады және тұтынушыларды электрмен жабдықтаумен басқа компания айналысатын болады деген жалған ақпарат таратуда. Біз Маңғыстау облысының барлық тұрғындары мен кәсіпкерлерін осындай жалған ақпаратқа сенбеуін сұраймыз. «Маңғыстау Жарық» ЖШС өз жұмысын жалғастыруда және өз тұтынушыларын электрмен жабдықтауды тоқтатпайды, - деді Ермек Давлетпаков.
Өңірде электр энергиясын жабдықтаумен жалпы алты энергия жабдықтаушы ұйым(ЭЖҰ) айналысады. Бірақ кепілді жеткізуші тек «Маңғыстау Жарық» ЖШС болып табылады. Өйткені компания тұрғындарды және қаланың әлеуметтік маңызды нысандарын, сондай-ақ заңды тұлғаларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бәсекелестік орта өзге ЭЖҰ энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдармен арнайы шарты болған жағдайда басқа заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
«Маңғыстау Жарық» ЖШС тұрғындарға жалған ақпараттарға алданып қалмауды және электр қуатынсыз қалуы мүмкін жағдайларды болдырмау үшін басқа энергиямен жабдықтаушы компаниялардан энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдармен шарттардың болуын талап етуді сұрайды. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз мамандардың кеңесіне жүгініп, мына байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз: +7 705 748 03 03, +7 705 748 02 02.