«Маңғыстау Жарық» ЖШС тұтынылған электр энергиясы үшін шот-түбіртектердің бірыңғай формасын енгізеді
«Маңғыстау Жарық» ЖШС 1 қазаннан бастап Маңғыстау облысының барлық аумағындағы өз тұтынушыларына тұтынылған электр энергиясы үшін шот-түбіртектердің бірыңғай формасын енгізеді. Жаңа үлгідегі шот-түбіртек Ақтау қаласының тұтынушыларына қазан айында таратылады, яғни қыркүйек айының есептеулерімен беріледі. Бұл туралы компания директоры Ермек Давлетпаков хабарлады.
-Қазіргі таңда бұл нысанды Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысының аудандарында тұратын барлық тұтынушылар пайдаланады. Шот-түбіртектің жаңа нысанында алдыңғы нысандағы барлық қажетті ақпарат бар. жаңа нысанда ағымдағы көрсеткіштерді енгізу бағаны жоқ, өйткені көрсеткіштерді алу функциясын энергия беруші ұйым жүзеге асырады, - деді компания директоры Ермек Давлетпаков.
Осы бейнероликте Сіздерді жаңа үлгідегі шот-түбіртекпен таныстырамыз, роликті соңына дейін көрулеріңізді сұраймыз.
1. Түбіртектің жоғарғы сол жақ бұрышында біздің компанияның заңды мекенжайы, сондай-ақ бас кеңсенің байланыс нөмірлері мен электрондық мекенжайы көрсетілген;
2. Жоғарғы оң жақ бұрышында Сіздің тұратын жеріңізге сәйкес – аудан немесе қала, анықтама үшін мекенжайы, электрондық поштасы мен байланыс телефондары көрсетілген;
3. Төменде Сіз келесі деректерді көре аласыз:
• Шот-түбіртек ұсынылған ай бойынша есеп айырысу кезеңі;
• Жеке шоттың нөмірі (Тұтынушылардың деректер базасын біріктіруге байланысты, Ақтау қаласы тұтынушыларының жеке шоттарының нөмірлері өзгергендігіне назарыңызды аударамыз!);
• Энергиямен жабдықтау (тұтыну) объектісінің мекенжайы;
• Электр есептеуіштің (есептеу құралының) зауыттық нөмірі;
• Электр есептеуіштің алдыңғы көрсеткіштері және соңғы көрсеткіштері;
• Тұтынылған электр энергиясының көлемі (кВт.с.);
• Бекітілген тариф (а.ж.);
• Ортақ үйлік мұқтаждықтарға арналған электр энергиясының көлемі (ОҮМ);
• Энергия беруші ұйым берген, орташа көлем (есепке алу аспаптарының көрсеткіштері жоқ абоненттер үшін);
• Энергия беруші ұйым берген, нормативтік көлем (есепке алу аспаптары жоқ абоненттер үшін);
• Нотариаттық жазба шығаруға (берешекті талап етуге) жұмсалған шығыстар;
• Түзетулер (тұтыну көрсеткіштерін немесе көлемін нақтылау кезінде);
• Төленуге ұсынылатын қорытынды сома (егер бұрын төлеуге берілетін қорытынды сома минус белгісімен шықса, бұл артық төлемді білдіретін, ал жаңа формада минус белгісімен төлеуге берілетін сома Сізде берешек қалыптасқанын, ал плюс тиісінше - артық төлемді білдіретіндігін назарыңызға береміз).
4. Сізге ыңғайлы болу үшін, энергия беруші ұйымға («АЭЖБ» МКК) тікелей «WhatsaApp» мессенджері арқылы көрсеткіштерді және электр есептеуіштің суреттерін жіберуге арналған байланыс телефондарын қаперіңізге береміз) (8 775 784 74 67; 8 705 131 25 67).