«Маңғыстау Жарық» ЖШС 01.11.2023ж. бастап электр энергиясының тарифтері өзгеретіні туралы хабарлайды
Құрметті Маңғыстау облысының электр энергиясын тұтынушылар!
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті дәлелді қорытындысымен 2023 жылғы 1 қарашадан бастап «Маңғыстау Жарық» ЖШС электрмен жабдықтау қызметтерінің жаңа шекті бағаларын бекітті. 1 кВт.сағ.үшін ҚҚС есебінсіз, тұтынушылардың санаттары бойынша сараланған электр энергиясының тарифтері:
Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұтынушылары үшін:
- электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін (тұрғындар) 18,79 теңге/кВт.сағ.;
- электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 25,89 теңге/кВт.сағ.;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 25,89 теңге/кВт.сағ.
Түпқараған, Қарақия, Бейнеу және Маңғыстау аудандарының тұтынушылары үшін:
- электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін (тұрғындар) 18,79 теңге/кВт.сағ.;
- электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 31,36 теңге/кВт.сағ.;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 31,36 теңге/кВт.сағ.
Жаңаөзен қаласының тұтынушылары үшін:
- электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін (тұрғындар) 19,72 теңге/кВт.сағ.;
- электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 31,87 теңге/кВт.сағ.;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 31,87 теңге/кВт.сағ.
Электр энергиясының шекті бағасы өсуінің негізгі себептері:
- Энергия беруші ұйымдар мен ұлттық операторлардың электр энергиясын беру қызметтерінің құнын арттыруы.
- Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының бағасын қалыптастыру және босату тәртібін өзгертуі.