«Маңғыстау жарық» ЖШС қолданыстағы тарифті қайта қарауға ТМР департаментіне өтінім берді
"Маңғыстау жарық" ЖШС Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қолданыстағы тарифті қайта қарауға өтінім берді. Бұл туралы компания директоры Ермек Давлетпаков хабарлады.
Электр энергиясының қолданыстағы тарифі компания үшін неге шығынды болып табылады және тариф неден тұрады? Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық тұтынушы мысалында соңғы тұтынушыға дейін бағаны қалыптастыру құрылымы мынадай:
в тенге/кВтч с НДС
Бағалардың қолданылу мерзімі
|
МАЭК
|
АУЭС
|
РФЦ
|
КЕГОК
|
Қорытынды
|
ЭСО
|
Тұтынушы бағасы
|
2022 ж. 1 шілдесіне дейін
|
15,41
|
2,83
|
1,42
|
0,110
|
17,66
|
-1,7
|
15,96
|
2022 ж. 1 шілдесінен бастап
|
17,46
|
3,26
|
1,42
|
0,110
|
19,84
|
-3,9
|
15,96
|
Өсу (Рост)
|
1,83
|
0,38
|
0
|
0
|
2,18
|
-2,2
|
0
|
13%
|
15%
|
0
|
0
|
12%
|
- 56%
|
0
|
-Ұсынылған кесте қолданыстағы тарифтердің нақты шығынын көрсетеді. Тарифтер станциялардан сатып алу бағасын өтемейді. Бұл "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС өз шығындарын жабуға да ақшаны толық ала алмай қалуы мүмкін деген үлкен тәуекелдің бар екенін білдіреді. Біздің өңірдің әрбір тұрғыны "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС Маңғыстау облысының жүрегі екенін біледі.
Қазіргі уақытта халық үшін тарифтердің бағасын тежеу мақсатында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен шағын және орта кәсіпкерлік үшін басқа тариф қойылып келді. Бұл оларға ауыр жүк артылып келді деген сөз. Өйткені халықтан түсетін барлық жүктеме тұтынушылардың басқа топтарына аударылды, - дейді Ермек Давлетпаков.
Мемлекет басшысының тарифтерді көтеруге мораторий енгізуіне байланысты (180 күн) "Маңғыстау Жарық" ЖШС 2022 жылдың 1 тамызына дейін Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұтынушылары үшін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне тарифті өзгертуге қатысты өтінім берген жоқ.
-Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұтынушылары үшін шығынды тарифке қарамастан "Маңғыстау Жарық" ЖШС, соның ішінде "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-мен уақытылы есеп айырысуды жалғастыруда. Тұтынылған электр энергиясы үшін тұтынушылардың "Маңғыстау Жарық" ЖШС алдындағы қарызы бүгінде 4 353 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде бюджеттік ұйымдар мен МКК бойынша – 1 990 млн. теңге. Заңды тұлғалар бойынша – 1 563 млн. теңге. Тұрғындар бойынша-1 млрд. теңге, - дейді компания директоры.
Проекты с НДС
№ п/п
|
Тұтынушылар тобы
|
Действующий тариф с
01.06.2022 г.
|
Проект заявки в ДКРЕМ
|
Тариф
|
Откл., тенге
|
Откл., %
|
1.1.
|
Тұрғындар
|
17,88
|
19,13
|
1,25
|
7,0%
|
1.2.
|
Заңды тұлға
|
19,96
|
25,95
|
5,99
|
30,0%
|
1.3.
|
Мемлекеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар
|
22,12
|
54,00
|
31,88
|
144,1%
|
Ақтаулық тұрғындардың электр энергиясы үшін ай сайынғы төлемі орташа есеппен бір пәтерді 200 кВт/сағ тұтынған кезде 250 теңгеге ғана өседі
- Біз уәкілетті органға жаңа тарифтің барлық есептері мен негіздемелерін ұсындық. Сондай-ақ, белгіленген рәсімдерге сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Онда Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұтынушылары ұсынылған тарифтер бойынша өз ойын айтты, - деп атап өтті Ермек Давлетпаков.
"Маңғыстау Жарық" ЖШС энергиямен жабдықтаушы ұйым (бұдан әрі-ЭЖҰ(ЭСО) болып табылады және өз қызметін 2015 жылдан бастап ҰЭМ ТМР комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті берген 03.11.2015 ж. №15019463 лицензия негізінде жүзеге асырады. 2019 жылдан бастап Маңғыстау облысының төрт ауданында (Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия және Бейнеу ауданында), 2021 жылдан Жаңаөзен қаласында, ал 2022 жылдан бастап Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында тұтынушылардың әртүрлі топтарын энергиямен жабдықтау қызметін жүзеге асыра бастады.
Бүгінгі таңда ЭЖҰ(ЭСО) 197 291 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Оның ішінде:
тұрмыстық-186 251;
- заңды-10 365;
- бюджеттік және МКК(ГКП) – 675.
Өз тұтынушыларына сапалы қызмет көрсету үшін "Маңғыстау Жарық" ЖШС штатында 220 қызметкер жұмыс істейді. Маңғыстау облысы бойынша 20-дан астам касса мен бөлімшелер жұмыс істейді.
- Біздің компания жыл сайын айлар мен тәулік бөлінісінде Маңғыстау облысының әрбір ауданы бойынша электр көлемнің қажеттілігін қалыптастырады. Осы ақпарат негізінде электр станциялары электр энергиясын өндіру көлемін қалыптастырады. Ал энергия беруші ұйымдар өңірдің энергия жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Біздің компания сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асырады. "Маңғыстау Жарық" ЖШС қызметкерлері электр энергиясының тұтынылған көлемін есептеу, тұтынушыларға шот-түбіртектерді жеткізу, дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша жұмыстар жүргізіп, тұтынушыларға аударымдарды түсіндіру, жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үйлерді биллингке қабылдау функцияларын орындайды, - деді компания директоры.
ҚР электр энергетика саласындағы қолданыстағы ережелерге сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым өз тұтынушыларын электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын өндіруші ұйымнан, яғни станциялардан сатып алады. Соңғы тұтынушыны электрмен жабдықтау үшін сатып алынған электр энергиясын таратушы ұйымдардың желілері бойынша тасымалдау талап етіледі. Тұтынушыны үздіксіз электрмен жабдықтау үшін электр желілерінде электр қуатын үнемі ұстап тұру және электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін сақтау қажет.
- Осылайша, біздің ұйым "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нен электр энергиясын сатып алады. Оның тасымалдануын "АЭЖБ" МКК(ГКП “АУЭС”), "Маңғыстау Энерго" МКК, "Өзенэнергосервис" МКК, "УЭС" ЖШС және т.б. сияқты электр беруші ұйымдарға төлейді. Электр желілеріндегі қуат пен теңгерімді ұстап тұру үшін "РФЦ" ЖШС мен "КЕГОК” АҚ қуатты ұстап тұру және теңгерімдеу бойынша қызметтерге тиісінше төлем жүргізеді. Жоғарыда айтылғандардан басқа, біз өз қызметкерлерімізге жалақы, бюджетке салық төлеуге, коммуналдық қызметтерге, банктегі қызметтерге, байланыс қызметтеріне, интернетке, бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау мен сүйемелдеуге, кассалар мен бөлімшелердің ғимаратын жалға алуға арналған шығындарды да төлейміз, - дейді Ермек Давлетпаков.