«Маңғыстау жарық» ЖШС басшысы электр энергиясының тарифі бойынша жағдайды түсіндірді
«Маңғыстау Жарық» ЖШС ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Маңғыстау облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментіне қолданыстағы тарифті қайта қарауға өтінім берді. Аталған мәселе бойынша тұрғындар тарапынан көп сұрақ түсуіне байланысты, бұл туралы компанияның бас директоры Дархан Ахмадин толықтырып айтып берді.
-«Маңғыстау Жарық» ЖШС қызметі қандай? Немен айналысады? Компания тұрғындар айтқандай электр нарығында делдал ма?
Компания ешқандайда делдал емес. «Маңғыстау Жарық» ЖШС энергиямен жабдықтаушы ұйым болып табылады және Маңғыстау облысы бойынша ТМРКД және БҚ(ДКРЕМиЗК) 03.11.2015 ж берген №15019463 лицензиясы бар.
2015 жылдан бастап Электр энергетикасы саласындағы заңнама көптеген өзгерістерге ұшырады және оны тек осы саланың мамандары мұқият түсіне алады. Мысалы, бұл қуат нарығы, теңгерімді нарық, бірыңғай сатып алушы, ұлттық желілер және т.б. Тұрғындарға түсінікті болу үшін айтсам, электр энергиясының нарығы «көтерме» және «бөлшек сауда» болып екіге бөлінді.
Көтерме сауда нарығының субъектілері айына 720 мың кВт/сағ-тан асатын тұтынушылар болып табылады. Яғни бұл үлкен өнеркәсіптік кәсіпорындар, кен орындары және т.б. Ал барлық басқа тұтынушылар - бұл яғни сіз бен біз бөлшек сауда нарығының субъектілеріміз. Біздің компания көтерме және бөлшек сауда нарығының арасындағы өзара байланысты жүзеге асыратын «агент» болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, электр энергия нарығында дүкен рөлін атқарамыз. Яғни көтерме сауда нарығында біз «өнім өндірушіден» электр энергиясын сатып алып, оны желі арқылы тасымалдаушы мекеменің «көліктерімен» тұтынушының үйіне дейін жеткіземіз, одан баска қосымша «шығындарды» ұлттық операторларға(«растаможка», «салық» деген сияқты) төлейміз және оны бөлшек сауда нарығында сатамыз.
«Маңғыстау Жарық» ЖШС қызметкерлері тұтынылған электр энергиясының көлемін есептеу, тұтынушыларға шот-түбіртектерді жеткізу, дебиторлық берешекті өндіріп алу, тұтынушыларға есептеулерді түсіндіру, жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үйлерді биллингке қабылдау бойынша функцияларды орындайды. ҚР электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы ережелерге сәйкес біздің ұйым электр энергиясын көздерден сатып алады, оны «АЭЖБ»(АУЭС) МКК, «Маңғыстау Энерго» МКК, «Өзенэнергосервис» МКК, «УЭС» ЖШС және басқалар сияқты жіберуші ұйымдарға тасымалдауды төлейді. Электр желілеріндегі қуат пен теңгерімді ұстап тұру үшін және ұлттық желілерді пайдалану және теңгерімдеу қызметтері үшін «РФЦ» ЖШС, «КОРЭМ» АҚ және «КЕГОК» АҚ ақы төлейді.
Әрине, кез-келген сатушы сияқты, біздің де шығындар бар. Мысал ретінде алсақ қызметкерлерге жалақы беру, касса, құрал-жабдықтар, қағаз-қалам сатып алу, кеңсені күтіп-ұстау және т.б. жұмыстарға да қаржы кетеді. Осында айта кететін жәйт төбеде аталған заттарға ғана қаржы кетеді. Біздің компания бұл жұмыстан ешқандай пайда көрмейді. Тарифке біздің қызметімізді жүзеге асыру үшін қажетті шығындар ғана салынады.
- Тариф неден тұрады және олардың өсуіне не әсер етеді?
ЭЖҰ(ЭСО) электр энергиясына тарифтер мынадай негізде қалыптастырылады:
- энергия өндіруші ұйымдардың сату бағасынан,
- электр энергиясын беру(жеткізу) тарифтері,
-жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметке арналған шығындар,
- қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтау үстемесі.
Соңғы жылдары электр энергиясының өзіндік құнының өсуі байқалды. Қолданыстағы тарифтік смета бойынша өзіндік құны 23,57 тг құрады, ал бүгінгі күні 1 кВтсағ үшін өзіндік құны 25,64 тг. Электр энергиясын беру қызметі 27% өсуде, ал ұлттық операторлардың қызметтері (теңгерімдеу және қуат нарықтарындағы төлем) 57% ұлғаюда, оның ішінде «ұлттық желілерді пайдалану» жаңа қызметі пайда болды.
Қазіргі уақытта біз тарифтерді объективті себептермен өзгерту мәселесін көтеруге мәжбүрміз. Негізгі себеп-тасымалдау қызметтерінің құны артады. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда бүкіл мемлекет деңгейінде инфляциялық процестер жүріп жатыр. Мысалы, саладағы жалақының орташа деңгейі өзгерді. Жабдықтау үстемесінің негізгі үлесі – компанияның 240 қызметкерінің жалақысы. Қолданыстағы жабдықтау үстемесінде орташа айлық жалақы 185 286 теңгені құрайды. Қазір статистика департаментінің деректері бойынша Маңғыстау облысы бойынша энергиямен жабдықтау саласындағы орташа айлық жалақы 2022 жылы 303 546 теңгені құрайды. Серіктестіктің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады және олардың қажеттіліктерін өтейтін заңмен белгіленген жалақы алуға міндетті.
- Тарифтер қаншалықты жиі өзгереді?
2021 және 2022 жылдары халық үшін тарифтер шамалы көтерілді тіпті мүлдем көтерілмеді деп те айтуға болады. 2022 жылдан бастап облыстың 4 ауданы - Түпқараған, Бейнеу, Қарақия және Маңғыстау аудандары бойынша тарифтердің өсуі 0,63 теңгені (немесе 3,3%), Жаңаөзен қаласы бойынша 1,06 теңгені (5%), ал Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы бойынша 1 кВт сағат(9%) үшін 1,61 теңгені құрады.
Маңғыстау облысының аудандары мен қалалар бөлінісінде 2020 жылдан бастап халық үшін тарифтердің өзгеру хронологиясы
Атауы
|
2020 ж
|
2021 ж
|
Ауытқу, %
|
2022 ж
|
Ауытқу, %
|
2023 ж
|
Ауытқу, тг
|
Ауытқу, %
|
Маңғыстау ауданы
|
18,81
|
18,86
|
0,3%
|
18,86
|
0,0%
|
19,49
|
0,63
|
3,3%
|
Түпқараған ауданы
|
18,81
|
18,86
|
0,3%
|
18,86
|
0,0%
|
19,49
|
0,63
|
3,3%
|
Бейнеу ауданы
|
18,81
|
18,86
|
0,3%
|
18,86
|
0,0%
|
19,49
|
0,63
|
3,3%
|
Қарақия ауданы
|
18,81
|
18,86
|
0,3%
|
18,86
|
0,0%
|
19,49
|
0,63
|
3,3%
|
Жаңаөзен қаласы
|
21,0
|
21,0
|
0,0%
|
21,03
|
0,16%
|
22,09
|
1,06
|
5,0%
|
Ақтау қаласы
|
17,88
|
17,88
|
0,0%
|
17,88
|
0,0%
|
19,49
|
1,61
|
9,0%
|
Мұнайлы ауданы
|
17,88
|
17,88
|
0,0%
|
17,88
|
0,0%
|
19,49
|
1,61
|
9,0%
|
- Жаңа тарифтер жобасы туралы толығырақ айтып өтсеңіз?
Жалпы жобаланған орташа тариф 27,15 тг/кВтсағ құрайды. Оның ішінде үлес салмағы бойынша 94,4% электр энергиясын сатып алу және оны тасымалдау сияқты қызметтерге ақы төлеуден тұрады. Ал біздің компанияның жабдықтау үстемесі қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу ережелеріне сәйкес есептелген небәрі 5,4% құрайды.
Егер өзіндік құны 27,15 тг/кВтсағ құрайды деп есептесек, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы бойынша күтілетін тариф:
- халық үшін-21,44 тг/кВтсағ,
- заңды тұлғалар үшін-28,49 тг/кВтсағ,
- бюджеттік ұйымдар үшін-35,46 тг/кВтсағ.
-Бұл тариф халық үшін өзіндік құнынан төмен қойылып отыр ма?
Ия, сіз дұрыс байқадыңыз халық үшін тариф өзіндік құнынан төмен болады. Яғни тариф қалыпты мөлшерде ғана көтеріледі. Біз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын басшылыққа аламыз. Оған сәйкес біз тарифтерді тұтынушылар санаттары бойынша саралауға құқығымыз бар. Әдетте, әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында халық(жеке тұлғалар) үшін тарифтер ұсталады және орташа сомадан төмен белгіленеді. Бұл ретте заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін қойылған тарифтер тұрғындардың тарифтерінің шығындарын жабады. Осылайша, реттелетін ЭЖҰ(ЭСО) тарифтердің өсуі бойынша негізгі жүктеме заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарға түседі.
- Көптеген тұрғындар неге бұрынғыдай электр энергиясын тікелей өндірушіден яғни «МАЭК» ЖШС сатып ала алмаймыз және қаржыны да соларға төлемейміз ба деген деген сұрақ түседі. Бұған қалай жауап бересіздер?
Заңнамалық деңгейде бөлшек сауда нарығында электр энергиясын сатып алу тек ЭЖҰ(ЭСО) арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта «MAЭК» тек көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылады және өз өнімдерін тікелей халыққа сатуға құқығы жоқ. Электр энергиясы нарығының әрбір қатысушысының функциялары мен рөлдері қолданыстағы нормативтік актілермен - электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларымен, электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларымен және электр энергиясын пайдалану қағидаларымен реттеледі.
- Тұтынушы сіздің қызметтеріңізден бас тартып, басқа ЭЖҰ(ЭСО) таңдай ала ма?
Тұтынушылардың мұндай мүмкіндігі заңды түрде бар. Маңғыстау облысында «Маңғыстау жарық» ЖШС басқа тағы бес ЭЖҰ(ЭСО) жұмыс істейді. Біздің компания энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсету нарығында жетекші орынға ие. Қазіргі уақытта «Маңғыстау жарық» тиесілі нарық үлесі 61% құрайды.
Алайда, тек «Маңғыстау жарық» кепілді өнім беруші мәртебесіне ие екенін және оны уәкілетті органның өзі реттейтінін атап өткен жөн. Тиісінше, басқа ЭЖҰ(ЭСО) өз тарифтерін саралай алмайды. Талдау көрсеткендей, мұндай ЭЖҰ-дағы ең төменгі тариф 1 кВтсағ үшін 27,78 теңгені құрайды.
2023 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай деген болатын:
«Қазақстан электр қуатын басқа жақтан алмауға тиіс, яғни көршілес елдерге тәуелді болмауы керек. Біздің қазіргі ахуалымыз мәз емес. Бұл - ең алдымен, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі. Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн. Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады».