ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!
«Маңғыстау Жарық» ЖШС Маңғыстау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Департаменті 2015 жылғы 3 қарашада берген №15019463 мемлекеттік лицензиясы негізінде 2016 жылдан бастап Маңғыстау облысының тұтынушыларын электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым болып табылады.
Тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтау мақсатында компания «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-мен, «KEGOC» АҚ, «ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-мен, «Маңғыстау АЭК» АҚ, «Өзенэнергосервис» МКК-мен және облыстың өзге де энергия беруші ұйымдарымен қажетті келісім шарттар жасасты.
Қызметтің барлық кезеңінде компания энергиямен жабдықтау қызметтері нарығында серпінді дамуды, тұрақтылықты және тұрақты жағдайды көрсетеді.
Осы арқылы «Маңғыстау Жарық» ЖШС Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұтынушылары жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне электр энергиямен жабдықтау бойынша 2021 жылдың шілде айының 01 жұлдызынан бастап өз қызметінің басталатыны туралы хабарлайды.
- Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін электр энергиясының құны:
- – «Өзенэнергосервис» МКК желілерінен ҚҚС-сыз 1 кВт*сағ үшін 24,28 теңге (ҚҚС есебімен 27,19 тг);
- – «Маңғыстау ӨЭК» АҚ желілерінен ҚҚС-сыз 1 кВт*сағ үшін 22,33 теңге (ҚҚС есебімен 25,00 тг).
- Тұрғындар үшін электр энергиясының құны ҚҚС-сыз 1 кВтсағ үшін 18,70 теңге (ҚҚС есебімен 20,94 тг)
Толық ақпарат алу үшін төмендігі телефондар арқылы хабарласуға болады:
8 (7292) 202-262 (қабылдау бөлімі), 202-263, 202-265 (келісімшарт бөлімі), 8 707 0440349, info@mzharyk.kz
Құрметпен,
«Маңғыстау Жарық» ЖШС директоры
Е. Давлетпаков