«Маңғыстау Жарық» ЖШС 01.08.2024ж. бастап электр энергиясының тарифтері өзгеретіні туралы хабарлайды
Құрметті Маңғыстау облысының электр энергиясын тұтынушылар!
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті №47-04-10/284 дәлелді қорытындысымен 2024 жылғы 1 тамыздан бастап «Маңғыстау Жарық» ЖШС электрмен жабдықтау қызметтерінің жаңа шекті бағаларын бекітті. 1 кВт.сағ.үшін ҚҚС есебінсіз, тұтынушылардың санаттары бойынша сараланған электр энергиясының тарифтері:
Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұтынушылары үшін:
- электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 20,67 теңге/кВт.сағ.;
- электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 29,78 теңге/кВт.сағ.;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 47,86 теңге/кВт.сағ.
Түпқараған, Қарақия, Бейнеу және Маңғыстау аудандарының тұтынушылары үшін:
- электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұлғалар үшін 20,67 теңге/кВт.сағ.;
- электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 34,50 теңге/кВт.сағ.;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 47,86 теңге/кВт.сағ.
Жаңаөзен қаласының тұтынушылары үшін:
- электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұлғалар үшін 20,67 теңге/кВт.сағ.;
- электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 31,87 теңге/кВт.сағ.;- электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 34,50 теңге/кВт.сағ.;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 47,86 теңге/кВт.сағ.